Бақытты балалық шақ мекені - «BABY KZ»
Біз үшін ең жоғары марапат – баланың бақытты күлкісі.
«Baby Kz» жекеменшік балабақшасының сайтына қош келдіңіздер
Біздің балабақшамыз сізді қызықтырғанына өте қуаныштымыз!
Сіз біздің бүлдіршіндеріміздің бірінің ата-анасы немесе отбасы мүшесісіз. Немесе сіз болашақ ата-ана бола аласыз ... Мүмкін сіз біздің түлектеріміз немесе біздің досымыз шығарсыз. Біздің сайтта сіз балабақшаның жұмысы туралы ақпаратты таба аласыз, бір-біріңізбен танысасыз, жаңалықтарды, хабарландыруларды оқи аласыз, іс-шаралардың фотосуреттерін, бейнероликтерін көре аласыз.
Біздің веб-сайтта барлық сұрақтарыңызға жауап алсаңыз, біз қуаныштымыз.
Физикалық дамытады
Коммуникативтік
дағдыларды дамытады
Танымдық және зияткерлік
дағдыларды дамытады
Шығармашылық дағдыларын,
зерттеу іс-әрекетін дамытады
НЕГЕ АТА-АНАЛАР БІЗДІ ТАҢДАЙДЫ?
Ересек топтарда анимация процесінде «Мен әлемді жасаймын» анимациялық студиясының көмегімен мультфильм түсіруге болады. Топтық бөлмелердің құрылымдық ұйымдастырылуы, материалдар мен жабдықтар әртүрлі заттардың кездейсоқ жиынтығы емес, бала өсіп, дамып жатқан білім беру ортасының маңызды құрамдас бөлігі ретінде жасақталған.
Балалардың ұтымды теңдестірілген тамақтануы денсаулықты, инфекцияларға және басқа да қолайсыз факторларға төзімділік қабілетін қамтамасыз етудің қажетті шарты болып табылады. «Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық ережелеріне сәйкес құрастырылған, Қазақ тағамтану академиясының Тағамтану проблемалары институтымен және Астана қаласы білім басқармасының басшысы келісілген перспективалы 10 күндік ас мәзірі.
Балабақшада медициналық көмекті медбике көрсетеді, қажетті құрал-жабдықтармен және материалдармен жабдықталған медициналық кабинет және оқшаулау бөлімі бар. Балабақшаның жалпы санитарлық-гигиеналық жағдайы СанПин талаптарына сай, ауыз су, жарық, ауа жағдайы нормада сақталған.
Жиһаз балалардың жеке антропометриялық деректеріне сәйкес таңдалады. Барлық тәрбиеленушілер жеке керек-жарақтармен (орамал, төсек-орын, төсек, шкаф) жабдықталған. Балалар үнемі болатын барлық топтарда, жатын бөлмелерде бейнебақылау жүргізіледі. Балабақшаның аумағы жабық.
Балалармен жұмыс жасауда үлкен тәжірибесі бар, сонымен қатар өз жұмысын шексіз сүйетін кәсіби мамандар! Біз баланың қалауы мен ерекшеліктеріне назар аударамыз және олардың әрқайсысынан жақсы көреміз.
Балабақшада медициналық көмекті медбике көрсетеді, қажетті құрал-жабдықтармен және материалдармен жабдықталған медициналық кабинет және оқшаулау бөлімі бар. Балабақшаның жалпы санитарлық-гигиеналық жағдайы СанПин талаптарына сай, ауыз су, жарық, ауа жағдайы нормада сақталған.
"Baby KZ" балабақшасында "STEAM" технологиясы арқылы білім беру жүйесін енгізу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. STEAM - инженерлік технология және математика ғылымдарының үйлесімі. Қазіргі таңда бұл бағыт тек білім ордалары мен қосымша білім беру саласында ғана емес, балабақшаларда да қолданылуда. Болашақ инженер мен бағдарламашыларды балабақшадан бастап тәрбиелеуді бастауды жөн көрдік.
BABY LEGO
Ғылым мен техника негіздерін меңгереді
ERUDITE BABY
Тәжірибе жасап, өз жобаларын жасайды
BABY ART
Ұжымда мәселелерді шешуге және шешім қабылдауға үйретеді
ROBOTEX BABY
Жаңа технологиялармен және бағдарламалармен танысады
Балабақшадағы балаларды ерте дамытуға арналған STEАМ зертханасы – бұл балалар ғылымның, технологияның, инженерияның және математиканың әртүрлі салаларымен (STEАМ– ғылым, технология, инженерия, математикадан) таныса алатын мамандандырылған кеңістік.
Мұндай зертхана балалардың өз мүмкіндіктерін ашуға және шығармашылық ойлауды, талдау дағдыларын, логиканы, есептерді шешуге шығармашылық көзқарасты және топтық жұмысты дамытуға көмектеседі.
STEAM зертханасын жүргізуге арнайы сәйкес жабдық пен құралдар қажет және де балалардың өз мүмкіндіктерін ашуға көмектесетін тәжірибелі мамандар да қажет. Балабақшадағы STEAM зертханасы - балалардың ерте дамуы үшін және оларды болашақ өмірге тез дамып жатқан технологиялар жағдайында дайындаудың тамаша мүмкіндігі.
Балабақшаға виртуальды саяхат
Әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу.
Жаңашыл - мұғалім ... Бұл білім, білік, дағды ғана емес, жоғары кәсіби шеберлік. Бұл адамның бойындағы терең қасиет. Жаңашыл болу дегеніміз - ең озық, басқаларға мұқият болу, шабыттандыру және ынталандыру қабілеті.
Жанаева Жадра Арғынқызы Директор Жанаева Жадра Арғынқызы 2014 жылы бүлдіршіндерге есігін айқара ашқан «Baby Kz» жеке балабақшасының негізін қалаушы және директоры. Білімі жоғары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Педагог-психолог» мамандығы бойынша және орта арнаулы мектепке дейінгі тәрбие бойынша: Ақтөбе педагогикалық колледжінің «Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиеші» мамандығы бойынша арнаулы білімі бар білікті маман. Оның білім беру жүйесінде тәжірибесі мол. |
Жадра Арғынқызы үшін балабақша директоры жай ғана қызмет емес, өмірлік ұстаным. Ол басшы ретінде балабақшаның гүлденуі, қызметкерлердің жайлы жұмыс істеуі, ата-аналардың балаларына сенім артуы үшін бәрін жасайды. Жадра Арғынқызы – ұжым қызметін шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыруға, әрбір қызметкердің тұлғалық қасиеттерін ашуға бағыттайтын кәсіби, белсенді, тәжірибелі басшы.
Байланыс деректері
+7 778 677 22 38
babykz14@mail.ru
Т. Жүргенова к. 26, Астана